Саяси сахна

Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

  • Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

    Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

Берік Уәли республикалық «Құсбегілік» федерациясының президенті болып тағайындалды. Бұл туралы  Ұлттық спорт қауымдастығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Baq.kz хабарлады.


ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы республикалық «Құсбегілік» федерациясының басшылық құрамына өзгерістер енді.

Құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, республикалық «Құсбегілік» федерациясының президенті – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті болып Берік Уәли тағайындалды.

Берік Уәли 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Nur Otan партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі, Инвестиция және даму министрінің кеңесшісі – департамент директоры болған. 2018-2019 жж. – Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасы басшысы қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Берік Уәли – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы «Жамбы ату» федерациясының президенті болып Нұрлан Әметов тағайындалды. Нұрлан Әметов 1969 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Кәсіпкер, меценат.




Көрілген: 660    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 10:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30