Берік Уәли Ресей мен Украина арасындағы жағдайға қатысты бүгін сұхбат береді

24 ақпан 2022, 14:53

ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Ресей мен Украинадағы жағдай жөнінде бүгін 20:30-да «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Бүгін Ресей Президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операция бастағанын жариялады. Қазір екі ел арасында әскери іс-қимылдар жүріп жатыр.

Осы мәселеде Қазақстанның ұстанымы қандай екенін, сондай-ақ Қаңтар оқиғасына қатысты сауалдарға жауап береді», - делінген телеарнаның Facebook парақшасында.