Саяси сахна

Бейбіт жиналыстар үшін арнайы орын белгіленгенін жақтаймын - Марат Башимов

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимов бейбіт жиындар өткізу үшін арнайы орындар белгілеуге қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қолданыстағы заң осыдан 25 жыл бұрын 1995 жыл қабылданған еді. Ол бүгінде моральдық тұрғыда ескірді және құқықтық нормалар қазіргі уақытта орын алып отырған шынайы жағдайға сәйкестендіру қажет. Ал бүгінгі таныстырылып жатқан заң жобасы осы олқылықтардың орнын толтырады», - деді ол.

 

Осы ретте Марат Башимов Мәжілісте таныстырылып жатқан «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары көптеген мәселелерді шешетіндігін айтады.

 

«Арнаулы орындарды белгілеуді жақтауымның себебі осыдан 100 жыл бұрын көшелерде машина болған жоқ, уақыт өзгерді. Қазір адамдар емін-еркін шығып, билікке өз талабын жеткізе алады. Ертеректе ұялы телефондар болмады. Сондықтан адамдар орталық көшелерге шығып, талаптарын қойды. Бірақ, қазір уақыт өзгерді. Адамнан көлік көп, ақпараттық технологиялар дамыған. Бүгінде ереуіл арқылы адамдарға бүкіл әлемде не болып жатқанын жеткізу түк емес. Ал бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнаулы орын белгілеу ең алдымен қауіпсіздік үшін керек. Арнаулы орында барлық инфрақұрылым болады», - деді Марат Башимов.

 

Осы ретте ол АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Швеция, Жапония елдерінде бейбіт жиындарды өткізу ескерту арқылы жүргізілгенімен келісу институты бар екендігін баса айтты.

 

«Аталған елдердің заңдарымен бұл мәселелер реттелген. Өзге адамдардың құқығы басталған жерде сенің құқығың аяқталады. Заң тілімен айтсақ, бұл Конституцияның 5-бөлімі, 12-бабы және Адам құқықтары туралы халықаралық пактінің 24-бабы. Бұл ретте митингіде өз құқығыңды жүзеге асыру өзгелердің құқығын бұзбауы тиіс. Митингіге қатыспайтын адам зардап шекпеуі қажет», - деді Марат Башимов.

 

 

 




Көрілген: 186    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.03.2020, 16:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30