Саяси сахна

Билік бар ақпаратты ашық, бүкпесіз әрі дереу жариялап отыр - Ерлан Қарин

  • Билік бар ақпаратты ашық, бүкпесіз әрі дереу жариялап отыр - Ерлан Қарин

    Билік бар ақпаратты ашық, бүкпесіз әрі дереу жариялап отыр - Ерлан Қарин

 ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Қордайдағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жамбыл облысы Қордай ауданыңда болған жағдайларға бәріміз де алаңдап отырмыз. Жағдайдың оңай емес екенін мойындауға тура келіп тұр. Ең алдымен, оқиға салдарынан қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Бір мемлекеттің азаматтары бейбіт күнде құрбан болуы бәріміздің де жүрегімізге ауырып тиіп отыр. Өздеріңізге белгілі, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғалар орын алған сәттен бастап бірден жағдайды тікелей өз бақылауына алып, құзырлы органдарға тиісті тапсырмаларды берді. Қазіргі уақытта мемлекет басшысының тапсырмасымен шұғыл құрылған Үкіметтік комиссия оқиға орнында өз жұмысын бастап кетті. Билік органдары бар ақпаратты ашық, бүкпесіз әрі дереу жариялауда, мемлекеттік ақпарат құралдары да елді барынша жедел, нақты және шынайы ақпараттармен қамтамасыз етуде», - деп жазды Ерлан Қарин әлеуметтік желіде.

Оның сөзінше, желіде азаматтар негізінен оқиға салдарын анықтау барысында қаншалықты әділетті баға беріледі деп сұрақ қоюда. Дегенмен, кінәлілер тиісті жазасын алады. Бұған ешкімнің де күмәні болмауы тиіс. «Заң бәріне бірдей. Қазір, ең бастысы бұл трагедия басқа да жағдайларға ұласып кетпеуі тиіс. Дау шығарып, қан төгумен ешқашан да, ешқандай да мәселе шешілмеген, шешілмейді де. Бұл жағдай елдігімізге де, мемлекеттілігімізге де үлкен сын. Сондықтан, ресми ақпаратқа жүгініп, үкіметтік комиссияның жұмысының нәтижелерін күтейік», - дейді Президент көмекшісі.

ҚазАқпарат




Көрілген: 388    Пікірлер: 0

сенбі, 08.02.2020, 22:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30