Саяси сахна

«Билікті заңды жолмен бермегеніме өкінемін» - Асқар Ақаев

  • «Билікті заңды жолмен бермегеніме өкінемін» - Асқар Ақаев

    «Билікті заңды жолмен бермегеніме өкінемін» - Асқар Ақаев

Менен қателіктер кетті. Бірақ сонымен бірге Қырғызстанға көп пайда келтірдім деп те санаймын.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Youtube-тегі "Автор ТВ" арнасына сұхбат берді.
Азаттықтың жазуынша, онда ол өзінің президенттігі, отбасының ел басқару ісіне араласуы, шекара мәселелері, Аксый оқиғасы және өзге жайттарға тоқталған.

Ақаев 2005 жылы билікті заңды жолмен бермегеніне өкінетінін жеткізген.

"Тәуелсіздік жылдары 15 жыл басқарған президент ретінде менде бір өкініш бар. Егер 2005 жылы сайлау өтіп, билікті өз қолымен тапсырғанымда, өкінбес едім. Менен қателіктер кетті. Бірақ сонымен бірге Қырғызстанға көп пайда келтірдім деп те санаймын. Саяси авантюристер әділ сайлауда жеңіске жете алмайтынын түсінді, сүйтіп менің президенттік мерзімім аяқталмай тұрып төңкеріс жасап, билікті басып алды. Соның кері әсері әлі күнге дейін жалғасып жатыр" деді Ақаев.

Оның пікірінше, Қырғызстанда билікті күшпен ауыстыру заңдылыққа айналған. Былтыр қазанда болған оқиға соның дәлелі деді.

16 жыл бұрын – 2005 жылы 24 наурызда Қырғызстанда тарихта "қызғалдақ" революциясы деген атпен белгілі халық толқуы болды. Азаматтар парламент сайлауының нәтижесіне наразылық білдірді. 4 наурыздан бастап жер-жерде билік оппозиция қолына өте бастады. Ал 24 наурызда Бішкекте оппозициялық күштердің ірі митингісі өтіп, артынша елдің бірінші президенті Асқар Ақаев билігі құлатылды. Ол отбасымен Мәскеуге қашып кетті.




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 18:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30