Саяси сахна

Биыл 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-сыныптарын ашу керек - Дәурен Абаев

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Биыл 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-сыныптарын ашу керек. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қандастарды қолдауды одан әрі жалғастыру мақсатында биыл әлеуметтік-экономикалық қолдау шаралары кешенінің нақты пайымдауын жасау керек. Біріншіден, Отандастар форумын және Шетелдегі қазақтардың кіші құрылтайын жоғары деңгейде өткізу қажет. Екіншіден, 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-кластарын және кемінде 7 елде қазақ мәдени-іскерлік үйлерін ашу керек», - деді министр.

Дәурен Абаев үшіншіден, «қандастар» мәртебесін бір терезе принципі бойынша беруге арналған қызметті іске қосу қажеттігін айтты.

«Вице-министр Марат Әзілхановқа биыл конфессияаралық және этникааралық қатынастар саласындағы барлық міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді ол.

 




Көрілген: 253    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.01.2020, 12:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30