Саяси сахна

Биылғы барлық игі істер халқымыздың бірлігін бекемдейді деп сенемін – Президент

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Биылғы барлық бастамалар мен игі істер халқымыздың бірлігін бекемдейді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы зор ондаған жалпыұлттық жоба қолға алынды. Волонтер жылының басты ұраны - БІРГЕМІЗ. Сондықтан биылғы барлық бастамалар мен игі-істер халқымыздың бірлігін бекемдейді деп сенемін. Мен ұсынған «Әралуан пікір - біртұтас ұлт» тұжырымы осындай шаралар арқылы жүзеге асырылуы керек», - деді Мемлекет басшысы волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-кеңсесін ресми іске қосу шарасында.

 

Қазақстан Президенті мемлекет еріктілерге әрқашан қолдау көрсететіндігін баса айтты.

 

«Алдағы кезеңде біз бірқатар маңызды мәселеге айрықша назар аударуға тиіспіз. Ең алдымен жастар жылының жабылуына арналған шарада мен біздің қоғамыздың нақты мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар жобаны атаған едім. Ауылдағы жастар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, ардагерлер мен зейнеткерлер көмекке мұқтаж. Әсіресе науқастардың бейімделуіне және күтіміне қол үшін беру құнды бола түспек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 




Көрілген: 324    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.02.2020, 19:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31