Саяси сахна

Б.Нұрымбетов Қостанай облысының тұрғындарына Президенттің Жолдауын түсіндірді

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасының қатысушысымен кездесіп, Федоров ауданының халықты жұмыспен қамту орталығында болды. Өткен кездесулер барысында Еңбек министрінің басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді, сондай-ақ жұмыссыздарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлгінің баспасөз қызметі хабарлады.


Жұмыс сапары барысында Еңбек министрінің басшысы Мемлекет тарапынан қаржылай көмек алып, өз ісін белсенді дамыта бастаған Еңбек және Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытудың жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға ерекше назар аударды.


Осылайша, Біржан Нұрымбетов өңірге келгеннен соң ең алдымен , 7,5 миллион теңге көлемінде микроредит алып ашқан жалғызбасты ана Елена Шульганың косметологиялық салонына барды. Ол кедейліктің шегін еңсеріп қана қоймай, салонда маникюр шеберлері болып жұмыс істейтін екі адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.


«Сіздер «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдаланудың өте жақсы үлгісін көрсетіп отырсыздар. Сіз жеке бизнесіңізді кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар бұрын тұрақты табысы болмаған екі отбасына тұрақты жұмыс пен жақсы табыс беріп отырсыз. Бұл мемлекеттік бағдарламаға қатысушы өз ісін дамытып, басқаларға жұмыс ұсынуының жарқын мысалы. Мен жұмыссыздарды мемлекет беріп отырған мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын. Бизнес әр адамның қолынан келеді», деп атап өтті Біржан Нұрымбетов.


Федоров ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен және «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен әңгімелесу барысында, Біржан Нұрымбетов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған көпбалалы аналарды микро және шағын бизнеске тарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін жоғарыда көрсетілген бағдарламаға өзгерістер енгізілетінін хабарлады.


«Жаңа бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін көп балалы отбасылардың жобаларына микрокредит беру мерзімін ұзарту ұсынылады. Несиені өтеу кезінде қаржылық ауыртпалықты азайту үшін номиналды пайыздық мөлшерлемені төмендетуді ұсынамыз. Жеткілікті кепілдік қамтамасыз етілмеген отбасылар үшін ауылдар мен қалаларға бөлінбестен бір оператор арқылы микрокредиттерге кепілдік беру тетіктерін кеңейту жоспарлануда», деді министр.


Еске сала кетейік, бұған дейін Біржан Нұрымбетов Алматы, Шымкент қалалары мен Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар, Ақмола, Алматы Солтүстік Қазақстан облыстарында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндірген болатын. 


egemen.kz




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.11.2019, 13:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31