Бозымбаев боқтағаны үшін халықтан кешірім сұрады

12 қаңтар 2022, 11:32

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев алаңға жиналған халықты боқтағаны үшін көпшіліктен кешірім сұраған. Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді.
Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, Қанат Бозымбаев соққыға жығылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Экспресс К.
Қанат Бозымбаев алаңға жиналған халыққа басу айтамын деп арандап қала жаздағанын Экспресс К бұған дейін жазды. Онда облыс әкімі көпшілікке қарсы былапыт сөз айтып жібереді.
Осыдан кейін ғаламторда "Бозымбаев соққыға жығылды", "Әкімнің басы жарылды" деген ақпараттар тараған болатын. Алайда әкімнің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел ел арасындағы бұл әңгімені жоққа шығарды
Бозымбаевты ешкім соққан жоқ. Оның жағдайы жақсы. Алаңдағы келеңсіздіктен кейін ол кісі халықтан кешірім сұрап, көпшілікті Мәдениет үйіне кіруге шақырды. Бірақ халық оған құлақ аспады. Тек 30 шақты адам кіріп, жеке мәселелерін әкімге айтты,
— деді Ғалымұрат Жүкел.