Саяси сахна

Бірғаным Әйтімова жаңа қызметке тағайындалды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Бірғаным Әйтімова Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо.


30 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Сенаторлар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырыс барысында Бірғаным Әйтімова төрағаның орынбасары болып сайланды.


Кеңес хатшысы болып депутат Нұрлан Қылышбаев тағайындалды.


Кеңесті Сенат төрайымы Дариға Назарбаева басқарады. Сенаторлар кеңесіне Парламенттің бұрынғы және қазір жұмыс істеп жатқан 50 депутат кірді.


Осыған дейін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше сенатордың, оның ішінде Бірғаным Әйтімованың өкілеттігін тоқтатқан болатын.


Бірғаным Әйтімова 1953 жылы 26 ақпанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әр жылдары жастар ісі, туризм және спорт министрі, Қазақстанның Израиль мен Италиядағы елшісі болды. Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары және БҒМ басшысы болып жұмыс істеді. БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі болды. 2013 жылдың 26 тамызында Сенат депутаты болып тағайындалды.


24.kz


 




Көрілген: 530    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.10.2019, 14:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31