Саяси сахна

«Бұл – бүгінгі бейбіт өмірімізге жол ашқан аға буынға көрсетілген ерекше құрмет» - Мәулен Әшімбаев

  • «Бұл – бүгінгі бейбіт өмірімізге жол ашқан аға буынға көрсетілген ерекше құрмет» - Мәулен Әшімбаев

    «Бұл – бүгінгі бейбіт өмірімізге жол ашқан аға буынға көрсетілген ерекше құрмет» - Мәулен Әшімбаев

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол facebook-тегі парақшасы арқылы көпшілікке ақ тілегін жаудырып, Отанды қорғау жолында қаза тапқан ерлердің рухына тағзым ететіндігін жеткізді. 

"Құрметті достар! Баршаңызды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаймын!

Бұл – өршіл рух пен өшпес ерліктің мерекесі. Жеңіс күні бекем бірліктің және ерен еңбектің жарқын символы саналады. Біз үшін айтулы мейрамның маңызы айрықша зор.

Елімізде соғыс оты шарпымаған әулет жоқ. Қан майданға аттанған қазақстандықтардың жартысы елге оралмады. Сол кезеңде 500-ден астам отандасымыз Кеңес одағының батыры атанып, қайсарлық пен жанқиярлықтың озық үлгісін көрсетті. Тыл еңбеккерлері де Ұлы Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Сондықтан біз әрдайым ардагерлерімізді ардақтап, Отан үшін опат болған ерлердің рухына тағзым етеміз.

Таяуда Мемлекет басшысы ардагерлердің, ең алдымен, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін жаңа заңға қол қойды. Бұл – бүгінгі бейбіт өмірімізге жол ашқан аға буынға көрсетілген ерекше құрмет. Біз әкелеріміз бен аталарымыздың жанкешті ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Қазіргідей күрделі кезеңде де ешбір ардагер елеусіз қалған жоқ.

Мерекемен құттықтай отырып, майдангерлерімізге зор денсаулық және бақ-береке тілеймін! Әрдайым еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", - деді Мәулен Әшімбаев. 

 

 




Көрілген: 596    Пікірлер: 0

сенбі, 09.05.2020, 10:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30