Беларуссия Президенті Александр Лукашенко ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларымен жеке кездесулер өткізе алмайтынына өкініш білдіріп, "Қазақстан бұрын қонақжай болатын" деп өкпесін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Құрметті отырысқа қатысушылар, сіздерді көргеніме қуаныштымын. Көптен бері бір-бірімізді көре алмай жүрміз. Қазақстан бұрын қонақжай болатын, қонаққа шақыратын. Бірақ қазір оқшауланып, вакцинамыз жақсы, вакцинациялау жақсы жүргізіп жатыр деп айтып жатырмыз. Бірақ әлі кездесе алмадық”, – дейді Лукашенко.
Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Лукашенкоға естеқаларлық баяндама жасағаны үшін алғыс айтып, оның сынына жауап берді.
“Мен біздің қонақжайлығымызға күмән келтірмеулеріңізді сұраймын. Кеңесті онлайн өткізу туралы шешім консенсусомда қабылданды. Барлығыңыз бұл шешіммен келістіңіздер. Біз ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларының денсаулығына алаңдағандықтан, жиынды онлайн түрде өткізіп отырмыз. Жағдайға жеңіл қарауға болмайды. Өйткені пандемия әлі біткен жоқ”, – дейді Тоқаев.