Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, Марат Бекетаев премьер-министр Әлихан Смайыловтың кеңесшісі болып тағайындалған.
Марат Бекетаев 2016 жылдан бастап Қазақстанның әділет министрлігін басқарған. Сондай-ақ әр жылдары сыртқы істер министрлігінде, мемлекеттік қызмет істері агенттігінде және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген.