БҰҰ Бас хатшысы Украинаға барады

23 сәуір 2022, 14:20

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 28 сәуірде Украинаға іссапармен барады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап korrespondent.net хабарлады. 
 
Ақпаратқа сәйкес, Гутерриш Украина президенті Владимир Зеленскиймен және Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен келіссөздер өткізеді.

Сонымен қатар Бас хатшы Украинада жұмыс істейтін әлемдік ұйымның қызметкерлерімен кездесу өткізіп, ел тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуді кеңейту мәселелерін талқылайды.

Еске салайық, 22 сәуірде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путин 26 сәуірде Мәскеуде Антониу Гутерришпен кездеседі деп мәлімдеген болатын.


BAQ.KZ