Саяси сахна

БҰҰ сарапшыларының есебінше, еңбек мигранттары Қазақстан экономикасына жылына $1,1 млрд кіріс әкеледі

«Қазақстан экономикасы еңбек мигранттарынан жыл сайын кем дегенде ІЖӨ-нің 0,57%, немесе $1,1 млрд кіріс көріп отыр» делінген Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхит аумағы үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) зерттеулерінде. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі жазады.

«Қазақстан экономикасы еңбек миг­рант­тарынан, тіпті олар бар табысын өз елдеріне әкетіп жатыр дегеннің өзінде, жыл сайын кем дегенде ІЖӨ-нің 0,57%, неме­се $1,1 млрд кіріс көріп отыр», – делінген бейсенбі күні таратылған ЭСКАТО-ның «Азия-Тынық мұхит өңірінің экономикалық және әлеумет­тік жағдайына шолу – 2013» атты құжатта.
Бұл ретте еңбек мигранттары тапқан табыстарының бір бөлігін сол елде азық-түлікке, денсаулық сақтау саласына, көңіл көтеруге жарату арқылы сол елдің ІЖӨ-сін арттырады деп айтылады.
ЭСКАТО 1947 жылы БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесімен өңірдің эконо­ми­калық дамуына ықпал ету үшін құрыл­ған. ЭСКАТО мүшелігінде Азия-Тынық мұхит өңіріндегі 28 мемлекет пен Ұлы­­бри­т­ания, Нидерланды, АҚШ, Франция бар. ЭСКАТО аясында экономикалық ынтымақ­тастық жөніндегі Азия мемлекеттерінің министрлер кеңесі, өнеркәсіптік даму бойынша азиялық кеңес, экономикалық даму және жоспарлаудың азиялық кеңесі, азиялық статистикалық институты жұмыс істейді.




Көрілген: 755    Пікірлер: 0

жұма, 19.04.2013, 13:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30