БҰҰ: Украинадан кеткен босқындар саны 1 миллионға жетті

03 наурыз 2022, 10:33

Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссары Филиппо Гранди Украинадан кеткен саны 1 аптаға 1 миллионға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бар-жоғы 7 күннің ішінде Украинадан көрші елдерге кеткен босқындар саны миллионға жетті", – деп жазды Гранди. 
Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен бұған дейін Еуроодақтың босқындарды қабылдауға дайын екенін айтқан еді. Мұндай мәлімдемені АҚШ, Ұлыбритания мен Литва да жариялаған. 

Айта кетейік, бұған дейін Украинадан оралған қазақстандықтар елдегі жағдай туралы айтып берген еді.