Саяси сахна

Біз ашық әрі әділетті сайлау өткізуге ниеттіміз - Тоқаев

  • Біз ашық әрі әділетті сайлау өткізуге ниеттіміз - Тоқаев

    Біз ашық әрі әділетті сайлау өткізуге ниеттіміз - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің төменгі палатасының сайлауы туралы айтты. Тоқаев алдағы сайлаудың ашық әрі әділетті болатынына ниетті екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі

Ресей Федерациясының төрағалығымен видеоконференция форматында өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына Парламенттің төменгі палатасының сайлауы туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. 

 
"COVID-19 пандемиясы әлемдік саясат пен экономиканы шатқаяқтатып жіберді. Жағдайды сауда соғыстарына ұласқан өзара санкциялар мен шектеулер тіпті ушықтырып тұр. Экстремизм, терроризм, есірткі саудасы, киберқауіпсіздік пен заңсыз көші-қон саласындағы жаһандық тегеуріндердің артып бара жатқаны да алаңдатады. Осындай жағдайда бейбітшілікті нығайтып, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы мемлекетаралық механизм ретіндегі біздің ұйымның рөлі айтарлықтай арта түседі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, пандемияны еңсеруге үн қосқаныңыз үшін құрметті Владимир Владимирович (РФ президенті Путинге) сізге алғысымды айтқым келеді. Таяу арада Қазақстанда ресейлік вакцинаны әзірлейтін зауыт салынады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев сессияда.

"2021 жылғы 10 қаңтарда Парламенттің төменгі палатасы мен жергілікті өкілдік органдарының сайлауы өтеді. Сайлау конституциялық мерзімде болады. Партиялардың бәріне даярлануға жеткілікті уақыт берілді. Биыл біз теңдессіз демократиялық реформалар пакетін қабылдадық. Олар көппартиялылықты және партиялық бәсекелестікті дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. Атап айтқанда заңнамалық деңгейде парламенттік оппозиция институты бекітіліп, партиялық тізімге жастар мен әйелдердің үлесі үшін 30 пайыздық квота бөлінді. Біз ашық әрі әділетті сайлау өткізуге ниеттіміз. Серіктестеріміздің қолдауы мен осы елдердің бақылаушыларын күтеміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.




Көрілген: 632    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.12.2020, 18:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Желтоқсан 2020
    Әблязов 15 жылға сотталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31