Саяси сахна

«Біз оларды ұстап алдық»: Трамп Обаманы 50 жылға соттау керек деп есептейді

  • «Біз оларды ұстап алдық»: Трамп Обаманы 50 жылға соттау керек деп есептейді

    «Біз оларды ұстап алдық»: Трамп Обаманы 50 жылға соттау керек деп есептейді

Трамп Барак Обама мен Джо Байденді 50 жылға түрмеге отырғызу керектігін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz, Daily Telgegraph басылымына сілтеме жасап.

Fox Business-ке берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Майкл Флиннің нысанаға алынуын «біздің еліміздің тарихындағы ең үлкен саяси қылмыс» деп атады.

Трамп Флинннің құлатылуына байланысты істі атап өтіп, оны «батыр» деп атады. Ал Обама мен Байденді «сыбайлас жемқорлар» деді.

«Олар (ФТБ қызметкерлері) Флиннге ермеді. Мені алдауын үміт етті. Өтірік оқиға жасауынан үміттенді. Бұл істердің барлығы Обамаға қатысты, Байденге қатысты. Олар сыбайлас жемқорлыққа батқан. Біз оларды ұстап алдық. Егер мен республикашыл емес, демократ болсам, оларды түрмеге отырғызар едім.

Мен 50 жылға соттауды айтып отырмын. Бұл – масқара, біздің ел тарихындағы ең үлкен саяси алаяқтық. Бұл істер үшін адамдар түрмеге қамалуы керек және көптеген адамдар ақша төлеуі тиіс деп үміттенемін», - деді Дональд Трамп.

 

 




Көрілген: 844    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.05.2020, 10:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30