Саяси сахна

Дағдарыс ұзаққа созылады - Тоқаев

  • Дағдарыс ұзаққа созылады - Тоқаев

    Дағдарыс ұзаққа созылады - Тоқаев

Қазақстан президенті қазіргі дағдарыс жағдайында ТМД-дағы әріптестерін өзара сауда мәселелерін жылдамдатып шешуге шақырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында өзара сауда-саттықты одан әрі ырықтандыру, кедергілер мен шектеулерді реттеу жөніндегі жұмыстарды жандандыруды ұсынды.

Тоқаев өз сөзінде қазіргі дағдарыстың анағұрлым ұзаққа созылатынын және қиынға соғатынын атап өтті.

"Осы жағдайда біздің негізгі басымдығымыз &ndash әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау, халықтың табыс деңгейін және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету. Бірақ бұған сауда-экономикалық қатынастардың барлық кешенін қайта жаңғыртпай, қол жеткізу мүмкін емес. Өзара сауда-саттықты одан әрі ырықтандыру, кедергілер мен шектеулерді реттеу жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет.", - деді Тоқаев ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, инвестиция тартуға, көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалануға, өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуге, өңірлер арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға баса мән беру керек. 

"Бүгін біз ТМД-ны әрі қарай дамыту бойынша жаңартылған тұжырымдаманы қабылдаймыз. Бұл құжат біздің ынтымақтастығымыздың алдағы уақыттағы стратегиялық бағыттарын айқындайды", - деді президент.

Мемлекет басшысы қызмет көрсетудің еркін саудасы туралы келісімді және оның әр мемлекетке нақты пайда әкелетін инвестициялар жөніндегі негізгі бөлімін келісуді аяқтаудың маңыздылығына назар аударды.

sputnik.kz




Көрілген: 1095    Пікірлер: 0

жұма, 18.12.2020, 23:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31