Саяси сахна

Дариға Назарбаева Елбасыға "Құрметті сенатор" төсбелгісін табыстады

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Сенатта Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" төсбелгісі мен куәлігі табыс етілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев сенатқа келді. Жоғары палата депутаттары Елбасыға "Құрметті сенатор" төсбелгісі мен куәлігін табыстады.


Айта кетсек, 30 мамырда сенат депутаттары Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесін беру туралы шешім қабылдаған еді. Бұл бастаманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын.


Енді Елбасы сенаттың, комитеттердің отырысына, соның ішінде ашық отырыстарға қалаған уақытында қатысып, өзінің ой-пікірін білдіре алады. Құрметті сенаторға жалақы төленбейді.


"Құрметті сенатор" мәртебесі Қазақстан парламенті сенатының тарихында алғаш рет беріліп отыр.


Назарбаевтың басқа қандай мәртебелері бар?


Президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмір бойына тұңғыш президент – Елбасы мәртебесіне ауысты.


Сонымен қатар, Елбасы тарихи миссиясына байланысты Қазақстанның қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқарады.


Түркия президентінің ұсынысымен Назарбаевқа Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің өмір бойғы құрметті төрағасы мәртебесі берілді.


Бұған қоса, 29 мамырда елордада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммитінде Қазақстанның тұңғыш президентіне тағы бір мәртебе берілді. Ресей басшысының ұсынысымен ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы атағын алды.


 




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.06.2019, 11:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30