Саяси сахна

Дәурен Абаев Nur Otan-да азаматтарды қабылдады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтармен кездесіп, өтініштерін тыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Азаматтар жеке қабылдауда да, онлайн режімде де министрмен әңгімелесіп, талап-тілектерін айтты. Өтініш сипаттары әртүрлі. Мәселен, Қанат Ержігітов атты азамат «Dombyra» телеарнасын «Отау ТВ» спутник желісіне қосуды өтінді. Оның айтуынша, тәулігіне 24 сағат бойы ұлттық мәдениетті насихаттайтын телеарна осы жылдың басында ашылған.


Сонымен қатар, Жанна Есенғарина есімді өтініш білдіруші Қазақстан телевидениесін дамыту туралы өз ұсыныстарын ортаға салды.


Шара Нақыпова атты өтініш иесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бірге» жобасын дамыту мәселесін көтерді.


Өтініш берушілердің әрбірінің тілегін жіті тыңдаған министр ведомство құзіреті шеңберінде барлығына шама-шарқынша қолдау көрсетілетінін айтты.


«Жалпы, мемлекеттік органдар басшыларының қабылдау өткізуі өте орынды. «Nur Otan» партиясының осы алаңын пайдаланған өте дұрыс деп ойлаймын. Кейбір сұрақтардың біздің министрлікке қатысы жоқ екенін көріп отырмыз. Азаматтар бір мәселені түсінуі керек: мемлекеттік жүйе жұмыс істейді. Егер хат дұрыс жазылып, бағытталса, оған міндетті түрде жауап беріледі. Менің ойымша, қазір келіп жатқан адамдардың көбіне жауап беріліп жатыр», - деді Дәурен Абаев азаматтарды қабылдаудан кейін тілшілердің сұрағына берген жауабында.


 




Көрілген: 246    Пікірлер: 0

жұма, 08.11.2019, 15:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30