Саяси сахна

Дәурен Абаев: АЭС - сән-салтанат емес, өмір сүруге қажеттілік

  • Дәурен Абаев: АЭС - сән-салтанат емес, өмір сүруге қажеттілік

    Дәурен Абаев: АЭС - сән-салтанат емес, өмір сүруге қажеттілік

Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев энергия тапшылығының қаупіне байланысты Қазақстанда АЭС салу идеясын қолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ашық диалог" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Бізде қазірдің өзінде солтүстік пен оңтүстік арасындағы энергия теңгерімсіздігінің күрделі мәселесі тұр. АЭС – сән-салтанат емес, ал өмір сүруге қажеттілік. Өкінішке орай, күн де жел де әлі күнге дейін мұндай арзан энергияны бере алмайды. Бұл жолды қолдасақ энергия тапшылығы жойылып, экономиканың еңсесі көтеріледі", - деді Дәурен Абаев "Ашық диалог" бағдарламасында.

 
Ол Чернобыль атом электр станциясы мен Фукусима-1 апатына байланысты халықтың туындаған алаңдаушылығын түсінуге болатынын қосып өтті. Бұдан бөлек, қазақстандықтар Семей ядролық полигонынан алған зардаптарынан толық арылған жоқ деп есептеді ол.


"Фамилияңызды ауыстырыңызшы, Абай атамыздан ұят болды": Уәлибек Әбдірайымов Дәурен Абаевқа Рейхстагтан сәлем жолдады (видео)

Дәурен Абаев: Қазақстанда орыс тіліне қысым көрсетіліп жатыр деу – әділетсіздік

"Өз халқын үңгірге бір-ақ тықты, бұдан өткен қорлық жоқ шығар": Айгүл Орынбек Дәурен Абаевқа сын айтты

"Қорқыныш әрқашан болады. Бірақ бүгінде энергетик мамандардың көпшілігі атом электр станциясын құру қажетті қадам екеніне бірауыздан келіседі. Басқа жолмен ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бізге қиынға соғады. Барлық көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО қондырғыларының жартысына жуығы ауыстыруды немесе қайта жөндеуді қажет етеді. Көмірді пайдаланудың өзі көміртегі қалдықтары деп аталатын төлемдердің енгізілуімен қымбатқа түсуі мүмкін", - деді Абаев.

Президент әкімшілігінің бірінші орынбасары бүгінгі күні реакторлардың құрылысы мен қауіпсіздігінің нақты стандарттары бар екенін және апат ықтималдылығы өте төмен екенін атап өтті. Дегенмен де, соңғы шешім барлық талқылаулардың нәтижесінде қабылданатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан АЭС салатын болса, ресей тарапы көмектесуге дайын екендігін айтқан болатын.




Көрілген: 1301    Пікірлер: 0

жұма, 01.10.2021, 13:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31