Саяси сахна

Даурен Абаев: «Асар» дәстүрін жаңғырту қажет

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қостанайда өтіп жатқан Қазақстан-Ресей жастарының форумында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Министр аталған форумның тәжірибе алмасуға және екі ел арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту мәселелерін талқылауға қызмет ететініне сенім білдірді.


«2019 жыл елімізде Жастар жылы деп жарияланды және осының арқасында біз жастардың қатысуымен ауқымды іс-шаралар өткізіп келеміз. Маған әр жерде осы Жастар жылына қатысты сұрақтарды қойып жатады. Расымен де Жастар жылының міндеті қандай болмақ? Мемлекет жастарды қолдайды ма, әрине, қолдайды. Керісінше, тәуелсіздік алған жылдардан бастап жастар ел саясатының бел ортасында жүрді. Тіпті, қиындығы мол тоқсаныншы жылдары Елбасы «Болашақ» бағдарламасын ашып, жастарға жол ашты. Қазір осы бағдарламамен оқып келген жастар елдің әр түкпірінде жемісті еңбек етіп жатыр. Бұл Сіздерге үлгі болуы тиіс», - деді министр.


Дәурен Абаев Жастар жылы атқарылатын жұмыстардың ауқымдылығына тоқталды.


Оның айтуынша, осы жылы жастарды жұмыспен қамту, оларға тұрғын үй жеңілдігін беру сынды іргелі жобалар қолға алынды.


«Жастар жылының миссиясы барынша ауқымды, ол жастар саясатының түрлі тәсілдерін, қағидаттарын жүйелі түрде трансформациялаудан тұрады. Бұл деген не? Біз сандық технологиялардың жаңа дәуіріне ендік және осы өзгерістердің басты рөлін жастар атқаратын болады. Мемлекет осыған жағдай жасайды. Қазір әр салада өзгеріс бар. Ескі тұжырымдамалардың уақыты өтті. Жастар жылында жаңа жобалар, тиімді басталамалар өмірге келуі тиіс», - деп түсіндірді Д.Абаев форум барысында.


Министр еріктілік жобаларын қолдайтынын жеткізді. Себебі, бүгінде қоғамның жүйелі түрде дамуы үшін де еріктілер қажет.


«Олар өз ойларын ашық айта алады. Мәселен, ұлтымызда «Асар» деген әдемі дәстүр бар. Мұның мағынасы тереңде жатыр. Кез келген адамға көп болып, жұмыла көмектесу қай заманда да болған. Осы үрдісті тоқтатып алмауымыз керек», - деп түйді Даурен Абаев.


Айта кетейік, бүгін Қостанайда Қазақстан мен Ресей жастарының ынтымақтастық форумы басталды.


 




Көрілген: 475    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.05.2019, 19:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30