Саяси сахна

Дәурен Абаев: Бейбіт жиындар туралы заң жобасы ашық талқылауда тұр

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасы бойынша ұсыныстар мен сұрақтар жинақталып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Өздеріңіз білетіндей, Президент Үкіметке нақты тапсырма беріп, бейбіт жиындар туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырды. Сол кезде Мемлекет басшысы біз митинг өткізудің мәдениетін көтеріп, бұл адам құқығының ажырамас бөлігі ғана емес, үлкен жауапкершілік екенін де аңғаруымыз керектігін мәлімдеген болатын. Қазіргі таңда құжат талқылауға ашық. Осы аптада жұмыс тобы Ұлттық кеңестің мүшелерімен, сарапшылармен, заңгерлермен, құқық қорғаушылармен кездесті. Әділет министрлігінің алаңында мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді. Әрине бұл талқылаудың соңы емес. Біз пікір-пайымдарды жинақтап, ұсыныстарды пысықтауымыз керек. Заң жобасы бойынша сұрақтардың жинақталуына байланысты пікірталас туындататын барлық бөлік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады», - деді Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында.

 

Еске сала кетсек, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин кеше Әділет министрлігінде өткен ведомствоаралық комиссия отырысында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасының тұжырымын таныстырған болатын.

 




Көрілген: 196    Пікірлер: 0

жұма, 14.02.2020, 09:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29