Саяси сахна

Дәурен Абаев Қазақстанның белсенді жастары туралы айтты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазіргі батырлар, жастар мен белсенділер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Мен жастарға сенемін!» Республикалық жастар форумында сөз сөйлеген ақпарат министрі өзі оқыған университетке жылы лебізін білдірді. «Біріншіден мен осы керемет шарада сөз сөйлегеніме өте қуаныштымын. Екіншіден республикалық форумның мен оқыған университет қабырғасында өтіп жатқанына риза болып тұрмын. Дәл осы ЖОО–да менің өмірімнің ең қызықты, белсенді, көңілді жылдары өтті. ҚазҰУ - бұл еліміздің білім беру флагманы ғана емес, ол жоғары сұранысқа ие оқу орны. Бұл жердің аурасы ерекше. Бұл қарашаңырақ досқа адал болуға, шығармашылығыңды шыңдауға, кішіпейл болуға, адамзат құндылықтарын бағалауға үйретеді», - деді Дәурен Абаев өзінің құттықтау сөзінде.



Оның айтуынша, форум тәуелсіз елде туған жастардың басын қосты. «Кез келген халықты танудың бір әдісі — сол халықтың мақал–мәтелі мен нақыл сөздерін зерделеу. Байқасаңыздар, қазақтың жастарға байланысты нақыл сөздері мен мәтелдері тек жағымды мағынада екен. Осыдан-ақ, халқымыздың жастарға деген ерекше ықыласын аңғаруға болады. Біз «Ақыл - жастан, асыл - тастан» деп, жастарымыздың ақылына құлақ асатын халықпыз. Сондықтан егеменді ел жастарға айырықша көңіл бөледі. Елбасының бастамасымен биылғы жылдың «Жастар» жылы деп жариялануы осыған дәлел. Бұл жастар кең көлемде мемлекеттік қолдауға ие болды. Елімізде «Жас маман», «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Жастар тәжірбиесі» бағдарламалары табысты жұмыс жасауда», - деді ақпарат министрі



Форум барысында, Дәурен Абаев БҚО Тайпақ ауылында жанып жатқан үйден екі адамды құтқарған 17 жастағы Мирас Жүнісовтің ерлігін атап өтті. «Жергілікті төтенше жағдайлар департаменті ол жігітке болашақта құтқарушы болуға кеңес берді. Мирас үлкен ерлік жасады. Ол екі адамның өмірін құтқарды. Олардың бірі – бала. Бүгінгі күні жас жігіт көпке үлгі. Біреуге жақсылық жасасаң ол міндетті түрде өзі екі есе болып қайтады. Осыны ұмыптау керек», - деп қорытындылады Дәурен Абаев.




Бұған дейін «Мен жастарға сенемін!» Республикалық жастар форумында вице-премьер Бердібек Сапарбаев жастарға үндеу тастаған болатын.


 




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

жұма, 15.11.2019, 15:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31