Саяси сахна

Дәурен Абаев Президенттің 10 маңызды бағыты жөнінде: Әрбір пункт халықтың сұранысына негізделген

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде жариялаған 10 маңызды бағытының әрбір пункті, әрбір тапсырмасы тұрғындардың сұранысына негізделген. Бұл туралы «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Жаңа Президент бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізді және барлығы орынды деп есептеймін. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлының ұлықтау рәсімінде айтқан тапсырмаларын орындау үшін атқарушы билікке бағыт көрсету мақсатында жасалған қадам болды», - деді министр.


Оның айтуынша, Мемлекет басшысының инаугурация рәсімінде жариялаған ұстанымын декларацияға теңеуге болады.


«Әсіресе, жаңа Президентті ұлықтаудағы сөз ерекше маңызды болады. Ресми түрде бұл мәлімдеме рәсім қатысушыларына арналуы мүмкін. Бірақ шын мәнінде, бүкіл халыққа, дипломатиялық корпусқа және белгілі бір деңгейде әлемдік қауымдастыққа арналды. Жаңа Президенттің сөзінен Елбасы бағытының сабақтастығы мен өзгерістерге ұмтылыстың бірігуін байқауға болады», - деді Д. Абаев.


Министр салтанатты шарада айтылған 10 маңызды бағыт халықтың сұранысынан туындағанын атап өтті.


«Ондағы әрбір пункт, әрбір тапсырма нақты мәселелер, нақты үміт пен тұрғындардың сұранысына негізделді. Ұлықтау сөзі Тоқаевтың өзіндік месседжіне айналды: халық естіді, әрекет ететін кез келді», - деп өз сөзін түйіндеді Дәурен Абаев.


 


 




Көрілген: 716    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.06.2019, 23:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30