Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Денсаулық сақтау министрі Ashyq жүйесі мен қашықтан жұмыс істеу шаралары қандай жағдайда енгізілетінін түсіндірді

02 тамыз 2022, 13:04

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "қызыл" аймаққа өткен қалалар мен облыстарда Ashyq жүйесін қолдану және жұмысшылардың бір бөлігін қашықтан жұмыс істеуге жіберу міндеттелетінін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет отырысында Ғиният "қызыл" аймақтарда шектеу шараларының екі кезең бойынша енгізілетінін айтты. 

Бірінші кезең – 100 мың адам үшін ауруханаға түскендер саны 25-тен 50-ге дейін көтерілгенде. Бұл кезде бизнеске шектеу қойылмайды, ал жабық мекемелер мен қоғамдық көлікте маска тағу міндеттеледі. 

Екінші кезеңде 100 мың тұрғынға шаққанда ауруханаға түскендер саны 50-ден асса:

Ashyq жүйесін қолдану:
Мейрамхана және т.б. жиын өткізген кезде сыйымдылығы 50%-дан аспауы керек;
Білім беру мекемелерінде қосымша шектеулер енгізу;
Ұйымдағы қызметкерлердің 30%-ын қашықтан жұмыс істеуге жіберу міндеттеледі.