Саяси сахна

Депутат Бақытбек Смағұлдың маңызды ұсынысы Мамин тарапынан қолдау тапты

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлдың үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалына Асқар Мамин жауап қатты.

 

Ақпан айында Бақытбек Смағұл Мәжілістің жалпы отырысында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында, еліміздің Ресеймен шектесетін мемлекеттік шекарасында орналасқан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2032 әскери бөлімінің "Қарақоға" шекара заставасының "Батыр Баян атындағы шекара заставасы" болып өзгерсе деп ұсыныс айтқан болатын.

 

Азаттық жолында арпалысқан, бүкіл өмірін Қазақ хандығының саяси және аумақтық тұтастығын қорғауға арнаған, елдіктің туы еңкеймеуі үшін жанын құрбан еткен хас батырлардың бірі – Баян батыр. Баян Қасаболатұлы 1714 жылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан өңіріндегі Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында дүниеге келді. Батыл, айбынды, ақылды әрі дана адам болған Баян туралы деректер Үмбетей мен Тәтіқара секілді ақын-жыраулар шығармаларында, Ш.Уәлиханов еңбектерінде, М.Жұмабаевтың поэмасында айтылады. Ресейдің Омбы және басқа да мемлекеттік мұрағаттарында Баянға қатысты тарихи құжаттар сақталған, – деп жолдаған болатын сауалын депутат.

 

Депуттатың сауалына мемлекеттік орган бір айдың ішінде жауап беруге міндетті. Премьер-министр Асқар Мамин бұл ұсыныс тиісті органдар тарапынан қолдау тауып отырғанын айтты.

 

Сіздің бұл депутаттық сауалыңыз тиісті мемлекеттік органдармен жан-жақты пысықталып, мынаны хабарлаймыз. ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті, ономастика саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ұсынысыңызды қолдайтынын білдірді. Осы ұсынысты жүзеге асыру мақсатында алдағы уақытта тиісті құжаттар әзірленіп, ҚР президенті әкімшілігіне және ҚР үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылады. Аталған мәселе бойынша оң қорытынды алынған жағдайда, ҚР үкіметінің тиісті шешімі қабылданатын болады. Сонымен қатар, ел тарихында өзіндік орны бар тарихи тұлғаларымыздың бірі Батыр Баянның есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында, республика бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылған. Мәселен, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында батырымыздың есімі берілген көшелердің бар екенін қосымша атап өтеміз, - деді Асқар Мамин.

 

Вaq.kz

 




Көрілген: 877    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.03.2020, 16:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30