Саяси сахна

Депутат білім вице-министрін отставкаға жіберуді талап етті

  • https://www.zakon.kz/

    https://www.zakon.kz/

Сенат депутаты Еділ Мамытбеков плагиат төңірегіндегі даудан кейін білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы қызметінен босату мәселесін қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында Мамытбеков білім саласында қордаланған мәселелерді көтерді. Соның бірі білім және ғылым министрінің орынбасары Фатима Жақыпованың "жалған ғалым" атануы.


"Сіздер білесіздер, бір айдан астам уақыт бойы отандық БАҚ пен шетелдік ұйымдар қазақстандық вице-министрдің плагиатын талқылап жатыр. Қазір әлемде мойындалған екі антиплагиаттық жүйе басқа біреудің ғылыми жұмысын пайдалану фактісін растап отыр. Мұндай жағдайда ведомстволық ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығын пайдаланып, қазақстандық қоғамды жаңылыстыру - мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзу болып саналады", - деді депутат.


Мамытбеков ғылыми ұйымдар арасында қаржыны бөлу кезінде түйткілді мәселелер орын алып жатқанын алға тартты. Айтуынша, қазір елімізде ешқашан еш жерде қолданысқа енгізілмейтін жобаларға қыруар қаржы бөлінеді. Ал құнды, қоғамға пайдасы бар жобалар назардан тыс қалады, немесе бөлінген ақша оны сапалы жүзеге асыру үшін мардымсыз.


"Басқаша айтқанда, бізде ғылымды басқаратын өкілетті органда объективтілік пен әділдік жоқ", - деді ол.

Сенат депутаты "жалған ғалым" деп айыпталған вице-министрдің әлі де өз қызметінде жүргенін айтты.


"Неге әлі күнге дейін кадрлық шешім қабылданған жоқ?", - деді Мамытбеков.


Сөз соңында сенатор ғылыми қоғам мен жоғары білім жүйесін өзге елдер алдында Қазақстанның беделін түсірген лауазымды тұлғаның масқарасынан құтқаруды талап етті.


 




Көрілген: 276    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.11.2019, 16:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30