Саяси сахна

Депутат Дана Нұржігіт әріптестерінің жиналыстарда қалғып кетуіне не себеп екенін айтты

  • Депутат Дана Нұржігіт әріптестерінің жиналыстарда қалғып кетуіне не себеп екенін айтты

    Депутат Дана Нұржігіт әріптестерінің жиналыстарда қалғып кетуіне не себеп екенін айтты

 Сенат депутаты әрі танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт парламенттегі әріптестерінің маңызды отырыстарда не себепті қалғып кететінін түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Желмая" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бүгінде көптеген депутаттармен етене жұмыс істеп жүрген Дана Нұржігіт олардың үлкен жиналыстарда қалғып кетуінің себебін ашып айтты. Тележүргізушінің сөзінше, мәселе жиында сөйлеп тұрған баяндамашыға тікелей байланысты.

"Мен тілге, шешендік өнерге, тіл тазалығына, интоннацияға, мәнерге мән беріп қалған адаммын ғой. Құлағым ондайға сақ. Сондықтан кейде пленарлық отырыстарға келіп, баяндама жасайтын адамдардың даусы, оқу мәнері, тіл тазалығы расында да сеп-сергек отырған адамды қалғытып жібереді. Кейде не айтып, не қойғанын түсінбейсің. Сөйлемінің басы бір жақта, аяғы бір жақта. Бастауышы аяғында, етістігі басында жүретін сөйлемдер бар. Содан кейде не айтқысы келіп еді деп, қиналып отырып бүкіл жаның, тәнің үлкен құлаққа айналып кететін кездер болады. "Құдай-ау не деп жатыр?" деп қаласың. Сол кезде бүкіл денең қиналған кезде және ол ұзақ уақытқа созылған кезде шаршап кететінің бар. Ол ұйықтайтын жер емес. Өте күрделі мәселелер көтеріледі. Бірақ, баяндап тұрған адамның мәнері мен ораторлық шеберлігіне байланысты. Сондықтан, менің өзімнің пайымым - ел алдына шығатын адамдардың ораторлық шеберлігі мықты болу керек" , - деді сенат депутаты. 

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 1744    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.04.2020, 19:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30