Депутат Жамалов депозитке өтемақы төлеуден бас тартуды ұсынды

02 наурыз 2022, 16:55

"Amanat" (Nur Otan) партиясынан сайланған мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовқа сауал жолдап, депозитке 10% көлемінде сыйақы аудару бастамасынан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Депутаттың айтуынша, бұл тиімсіз идея. 

"Біз банктерде жинағы бар азаматтарды қолдап жатырмыз, яғни бюджет қаражаты шынымен мемлекет көмегін қажет ететін азаматтар санатына бағытталмайды", - деді Аманжан Жамалов. 

Депутат үкімет пен Ұлттық банк президент жариялаған ел дамуының басым бағыттарына қайшы әрекет етіп отырғанын атап өтті.

"Сонымен қатар сыйақыны алу үшін депозитті кемінде 12 ай бойы сақтау міндетті шарт екенін, сондай-ақ доллар бағамы 15%-тен астам өскенін және ағымдағы құбылмалылықты ескерсек, ұсынылып отырған "бір реттік" шара азаматтардың шетел валютасын сатып алуын тоқтата алмайды", - деп атап өтті Аманжан Жамалов.

Ол тиімсіз шара ретінде депозитке 10% көлемінде сыйақы есептеуді тоқтатуды, ол қаражатты халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға және әлеуметтік төлемдерді инфляция деңгейіне дейін индексациялауға жұмсауды ұсынды.