Саяси сахна

Депутаттар Ashyq қосымшасының қауіпсіздігіне күмән келтірді

  • Депутаттар Ashyq қосымшасының қауіпсіздігіне күмән келтірді

    Депутаттар Ashyq қосымшасының қауіпсіздігіне күмән келтірді

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Ashyq қосымшасының қауіпсіздігіне күмән келтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Депутат Ashyq қосымшасы адамдардың телефон нөмірлері мен ЖСН нөмірлері туралы жеке деректерін қажет ететіні қауіпсіздікке сай келмейтінін айтты. 

 
"Пайдаланушылар оның жұмысына үш мыңға жуық сыни пікірлер, өтініштер мен шағымдар қалдырған. Олардың көпшілігі телефон нөмірі мен ЖСН секілді жеке деректердің сұралатынына наразы. Олар жеке деректер басқа мақсаттарға қолданылуы мүмкін деп алаңдаулы", - дейді депутат.

Сондай-ақ, Имашеваның айтуынша, қосымшаның қауіпсіздігіне күмән бар.

"Қосымшада кіруге болатын нысандардың тізімі жоқ. Мекемеге келмес бұрын сіздің мәртебеңізді тексеруге ешқандай мүмкіндік жоқ. Техникалық қолдау қызметімен байланысуға сілтеме жоқ. Тек қана кіру, тіркелу батырмасы ғана қарастырылған. Бұл қолайсыз, әрі қауіпті", - деді ол 

Депутат қосымшаның меншік иесі болмағандықтан, халықтың күмәнін тудырып отырғанын айтты. 

"Құрметті министр, бүкіл елге Ashyq қосымшасын пайдалануды ұсынбас бұрын, қолданушылардың пікірлерін ескере отырып, кері байланыс орнату қажет. Пайдаланушылар енгізген жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды пайдаланғаны үшін жауапты тұлғаларды бегілеуіңізді сұраймыз", - деп қорытындылады депутат.




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 14:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30