Саяси сахна

Депутаттың қазақша сұрағына шенеунік түсінбегенін айтып, жауап бере алмады

  • Депутаттың қазақша сұрағына шенеунік түсінбегенін айтып, жауап бере алмады

    Депутаттың қазақша сұрағына шенеунік түсінбегенін айтып, жауап бере алмады

Ол қазір қазақша сөйлей бастағанын, Ресейден келген қандаc екенін айтты.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асқарбек Үйсімбаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің өкіліне қазақ тілінде екі сұрақ қойған. Бірақ шенеунік екі сұрақтың біреуіне шала, екіншісіне мүлдем жауап бере алмады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

"ФАТФ үшін маңызды мәселелердің бірі ­– виртуалды активтерді пайдалануға байланысты қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендету. Осы заң шеңберінде сіздің ведомство цифрлық активтерді шығаруды, олардың сауда-саттығын ұйымдастыруды, цифрлық активтер айналымы саласындағы басқа да қызметтерді жүзеге асырады. Сонымен қатар осы тұлғалардан хабарламалар қабылдайтын мемлекеттік электронды тізілімін жүргізу бойынша жаңа функциямен толықтырылады. Осыған байланысты министрлік мұндай адамдардың тізімін пысықтады ма? Мемлекеттік тіркеуден, оның ішінде қасақана жалтаратын адамдарға қандай шаралар көзделген", ­­- деді депутат.

Аталған министрлік атынан қатысқан вице-министрі Асқат Оразбек бірінші сұрақ бойынша қолындағы баяндаманы оқып берді. Ал екіншісіне жауап бере алмады. Осы кезде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин сұрақты түсінбеген боларсыз деп сұрады.

Екінші сұрақты түсінген жоқсыз. Ол бойынша қолда қағазыңыз жоқ, - деп күлді Нығматулин.

Өз кезегінде Асқат Оразбек қазір қазақша сөйлей бастағанын, Ресейден келген қандаc екенін айтты.

Оған ұялмау керек. Көріп тұрмыз. Қадамыңыз дұрыс, - деді Мәжіліс төрағасы.




Көрілген: 1984    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.09.2021, 13:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31