Саяси сахна

Директорлар кеңесі «Бәйтерек» холдингінің құрылымын оңтайландыру және дамыту стратегиясына түзетуді мақұлдады

  • © primeminister.kz

    © primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысында Холдингтің даму стратегиясы мен құрылымын оңтайландыру мәселелері қаралды. 

 

«Бәйтерек» холдингінің 2024 жылға дейінгі түзетілген Даму стратегиясының жобасы бекітілді, оған қызметтің жаңа бағыты – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту енгізілді.

 

Стратегияда Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторын құру және Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкін «Отбасы банк» АҚ етіп қайта құру бөлігінде Холдингтің тұрғын үй блогы қайта қаралды.

 

Ірі, шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау және экспорттық әлеуетін дамыту құралдары кеңейтілді, Холдингтің проактивті рөлі мен клиентке бағдарлануы күшейтілді.

 

 

Отырыста сондай-ақ 2020 жылғы жылдық қаржылық есептілік, корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары, тәуекелдерді басқару және Холдингтің ішкі бақылау мәселелері қаралды.

 

 

 

primeminister.kz




Көрілген: 769    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.05.2021, 17:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31