Джо Байден екінші президенттік мерзімге сайлануға ниетті

14 маусым 2022, 19:44

Құрама Штаттар басшысы Джо Байден екінші президенттік мерзімге сайлануға ниетті. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер твиттердегі өз парақшасында жария етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy "Хабар24" сайтына сілтеме жасап. 

 
Айта кеткен жөн, Джо Байден 2020 жылдың күзінде өткен президенттік сайлау кезінде жеңіске жеткен. Келесі саяси шара 2024 жылға белгіленген. Ол кезде Джо Байденннің жасы 82-де болады. Соңғы жүргізілген сауалнама нәтижелері көрсетіп отырғандай, халық арасында Ақ үй басшысын қолдау рейтингі рекордты 36 процентке дейін төмендеген. Өйткені американдықтар елде өршіп тұрған инфляцияға көңілі толмайтынын айтады. Сондай-ақ кейінгі уақытта жергілікті қоғамда қаруды бақылауды қатаңдату мәселесіне қатысты дау басылмай тұр. Бұл да президент беделінің төмендеуіне әсер еткен.