Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Дос КӨШІМ: «НҰР ОТАН» жастармен толығып келеді

25 қаңтар 2011, 18:09

– Жақын арада «Нұр Отан» пар­тия­сының съезі болмақшы. Би­лік пар­тия­сына ұлтшыл азамат­тардың көзқа­ра­сының қандай екен­дігін білуге бола ма?
– Ұлттық мәселе – жалпыхалықтық мә­селе, сондықтан да ол тек қана би­лікті алу­ға негізделген саяси жұмыс­тардан жо­ғары тұрады. Осы тұрғыдан қарағанда, біздер кез келген саяси күш­ке ұлттық мүдде бағытында қарай­мыз, сол мүдденің жүзеге асуына деген нақты іс-әрекеттерге ғана баға бере аламыз. Сол себепті биліктің де, оппозициялық күш­тердің де ұлттық құндылықтарға деген көзқарастары мен іс-әрекеттері біздің тарапымыздан не қолдау табады немесе сынға ұшырайды.
Ашығын айтсақ, қазақ халқының жо­ғалған не жоғалуға жақын қалған ұлттық құндылықтарын жаңғыртуда билік те, оппозиция да биіктен көріне алмай отыр.
Менің көңіліме демеу болатыны – би­ліктің партиясына, оның басшы орын­­да­рына Дархан Кәлетаев, Ерлан Қа­рин сияқ­­ты жастардың келе бас­тауы. Олардың қа­сына соңғы уақытта ұлт­шылдықтың, мем­лекетшілдіктің жа­ңа бір қырымен кө­рініп жүрген аза­маттар да топтаса бастаған сияқты.
Қазіргі жас саясаткерлердің ұлттық құн­дылықтарға, соның ішінде Алаш қоз­ғалысына жіті үңіліп, терең мән беруі бізді қуантады. Өйткені Алаш қозғалысы мен үкіметі – бүгінгі қазақ мемлекеттігінің бас­тау көздерінің бірі. Бүгінгі тәуелсіздігімізді сол Алаш арыстары аңсап, осы жолда құр­бан болды. Сондықтан Қазақстан пат­рио­тизмінің бір ұшы осы Алаш қозға­лысына деген құрметте жатыр деп біле­мін.
Менің естуімше, Үкімет қаулысы кеш шы­ғып, атаусыз қала жаздаған «Алаш» қоз­ғалысының 90 жылдығын өткізуге де осы жігіттер еңбек сіңіріпті. Дина Аман­жолова сияқты ресейлік ғалымдардың Алаш тақырыбына арналған кітабын қай­та бастырып шығаруының өзі де пар­тия­ның қазіргі жетекшілерінің осы тақырыпқа ден қойғанын көрсетеді.
Партия жетекшісінің бірінші орынба­са­ры мен партияның хатшысының тілге де­ген жанашырлығы да біздің үмітімізді оятады. Былтыр ғана Президенттің тікелей тапсырмасымен ашылған «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» да партияның қол­дауына ие болып, ресми тілде насихат­талып, ел арасында ықпалы арта түсті. Қордың «Нұр Отан» партиясының қол­дауы­мен Павлодар, Көкшетау өңірінде бо­лып, партия белсенділері арасында мем­лекеттік тілдің ахуалы және оның бе­делін көтеру жөнінде бірнеше кездесу өт­кізіп қайтқаны жөнінде баспасөз бетте­рінен хабардармыз.
Әрине, биліктің партиясы бір сәттің ішін­де ұлттық мәселені шешуге кірісіп кетпейтіні түсінікті. Бірақ кез келген сая­си күш­ке халықтың қолдауы керек. Жетпіс пайызға жақындап қалған қазақ халқы­ның қол­дауын алу билікке де ауадай қа­жет. Ұлт­шылдар әрқашан мемлекетшіл, ен­ді мем­лекеттің ұлтшыл болуы керек.