Саяси сахна

ЕАЭО елдері мен Қытай тауарларды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісті

  • Фото: primeminister.kz

    Фото: primeminister.kz

Құжатқа ЕАЭО елдері мен КХР елдерінің премьер-министрлерінің орынбасарлары, ал ЕЭК атынан ЕЭК Алқасының Төрағасы қол қойды. Қазақстан Республикасының атынан ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов қатысты.


Келісімнің мақсаты — Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары мен тауарлар туралы ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру.



«Еуразиялық экономикалық одақ, Болашақ стратегиясы» сессиясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов сөз сөйледі.


Оның айтуынша, ЕАЭО елдеріне ынтымақтастыққа, өңірлік құндылық тізбектерін құруға көп көңіл бөлінуі керек. Атап айтқанда, өнеркәсіп, АӨК, көлік және басқа да салаларда кең ауқымды кооперациялық жобалар іске асырылуы мүмкін.


Ә. Смайылов «Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, қосалқы мердігерлік және технологияларды беру желісі» жобасын іске қосу туралы жариялады, ол кооперативтік байланыстар арқылы шағын және орта бизнес кәсіпорындарын өндіріс тізбектеріне тартуға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар, ол 2025 жылға дейін Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттары әзірленіп жатқанын айтты.


 primeminister.kz




Көрілген: 566    Пікірлер: 0

жұма, 07.06.2019, 11:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30