Саяси сахна

"Екіге бөлінгенімізді қалайды": Назарбаев Отанды сатқандар жайлы айтты

  • "Екіге бөлінгенімізді қалайды": Назарбаев Отанды сатқандар жайлы айтты

Нұрсұлтан Назарбаев екі билік туралы қауесетті кім және неге таратып жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеп.

"Осының бәрін естіп, оқып, көріп жүрмін. Қазақстанда тұрақтылық болғанын қаламайтын адамдар қауесеттерді әдейі таратады. Елімізде төбелес болғанын, екіге бөлінгенімізді қалайды. Олар біздің қашқын ұрылар, отанды сатқандар. Олар халықтың тыныш өмірін бүлдіру үшін жалған қауесеттер таратады.


Бірақ оған ешқандай негіз жоқ, себебі Қазақстан басқаруы президенттік формадағы біртекті мемлекет. Мұндай мәселе бізде ғана емес, бұл франциялық, ресейлік, кей тұста америкалық та нұсқаға жатады. Президент Тоқаевты бүкіл халық сайлады", - деді Назарбаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында.


"Маған келер болсақ, мен заң бойынша Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы екенімді білесіздер. Иә, бұл орган ішкі және сыртқы саясат мәселелерін шешеді, кадрлар бойынша келіседі, бірақ бұл ұжымдық орган, мен тек төрағамын.


Мұнда елдің барлық басшысы мүше, біз қате жібермеу үшін ұжым болып шешім қабылдаймыз", - деді Елбасы.


Сондай-ақ Елбасының мақсаты - Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысын қамтамасыз ету, Нұр-Отан партиясын, Қазақстан халқы ассамблеясын басқару екенін айтты. 




Көрілген: 873    Пікірлер: 0

сенбі, 12.10.2019, 11:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30