Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Экология министрлігі цифрлық технологиялар енгізуді жеделдетуі қажет – Әлихан Смайылов

29 маусым 2023, 08:33

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қазақстан су кеңесінің кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Рrimeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Қатысушылар су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша құзырлы органның және бассейндік инспекциялардың тиімділігін арттыру, тиісті мамандарды даярлау және жалпы су дипломатиясын нығайту мәселелерін қарастырды.

 

Бұдан бөлек, Су ресурстары бойынша жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының консорциумын құру жоспарлары қарастырылды. Атап айтқанда, бұл ғылыми орталық жұмысы барлық мамандандырылған институттардың әлеуетін салалық даму бағдарламаларын әзірлеуге біріктіруге мүмкіндік беретіні айтылды.

 

Әлихан Смайылов Экология министрлігіне су шаруашылығы саласына цифрлық технологиялар мен тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (ТБЖ) енгізуді жеделдету қажеттігін баса айтты. Бұл мониторинг пен жауапты мамандар жұмысының тиімділігін арттырады, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр құзырлы мемлекеттік органдарға Гидрогеологиялық зерттеулерді дамыту бағдарламасын әзірлеуді, жер асты суларының мониторингін автоматтандыру және басқа да геоақпараттық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды.