Саяси сахна

Экс вице-министр Ермек Алпысов жаңа қызметке тағайындалды

  • https://turkystan.kz/

    https://turkystan.kz/

Бұған дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған Ермек Алпысов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Ол энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру дайындығы, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелеріне, сондай-ақ еңбек қатынастарына қатысты мәселелерге жетекшілік ететін болады.

 

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек аппараттық кеңесте өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.

 

Ермек Алпысов 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Оның екі жоғары білімі бар &ndash Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша география және биология пәндерінің оқытушысы, экономист.

 

Еңбек жолын 1993 жылы Алматы қаласындағы №156 орта мектепте бастаған.

 

2001 жылдан бастап Ермек Алпысов мемлекеттік қызметте. Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші бас маманы, инспекторы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

 

2004-2008 жылдары Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

2008-2012 жылдары &ndash Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.

 

2012-2015 жылдары Талдықорған қаласының әкімі қызметін атқарды. Сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

 

2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің орынбасары қызметін атқарды.

 

 

 

 

turkystan.kz




Көрілген: 455    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 11:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30