Саяси сахна

Елбасы әлемдік державалар арасындағы бәсекелестікке алаңдаушылық білдірді

  • Елбасы әлемдік державалар арасындағы бәсекелестікке алаңдаушылық білдірді

    Елбасы әлемдік державалар арасындағы бәсекелестікке алаңдаушылық білдірді

Елбасы Америка Құрама Штаттарының бұрынғы Вице-Президенті Альберт Гормен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлады Elbasy.kz сайты.

Тараптар 1994-1999 жылдардағы Қазақстан-Америка саяси және экономикалық салалардағы екіжақты қатынасын тереңдету жөніндегі Н.Назарбаев-А.Гор бірлескен комиссиясының жемісті қызметін жоғары бағалады. 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Альберт Гор Қазақстан мен АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту және жаһандық климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларында күш-жігер біріктіру мүмкіндіктерін талқылады.

Елбасы мен АҚШ-тың бұрынғы Вице-Президенті халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар төңірегінде, соның ішінде COVID-19 пандемиясын еңсеру, дүние жүзінде және Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша пікір алысты.

Сенім дағдарысына, санкциялық текетірестерге және әлемдік державалар арасындағы бәсекелестіктің жаңа деңгейіне байланысты алаңдаушылық білдірді.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті планетадағы өзекті мәселелерге қатысты Ресей, АҚШ, Қытай және Еуропалық Одақ арасында ауқымды стратегиялық диалог бастау жөніндегі өзінің бастамасына назар аударды.

Телефон арқылы сөйлесуге Америка тарапы бастамашы болды.




Көрілген: 689    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.05.2021, 11:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31