Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елбасы «Лукойл» компаниясының басшысын қабылдады

21 қаңтар 2011, 12:02

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады.
Кездесу барысында компания басшы­сы Президентке «Лукойлдың» Қазақстанның мұнай өңдеу саласында 6 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрайтын инвес­тициясы жайында мәлімдеді. Оның айту­ынша, биылғы жылы аталған компания Ақтөбе облысындағы ірі газ өңдеу кешенін пайдалануға береді. Сондай-ақ елімізде іске асыру үшін бірқатар индустриалдық-инновациялық жобалар қарастырылуда.
Ресейлік «Лукойл» ААҚ-ның негізгі қызмет түрі мұнай мен газ кеніштерін барлау, өндіру, мұнай өнімдері мен мұнай-химия өнімдерін өндіру, сондай-ақ өндірілген өнімді сату болып табылады. Барлау және өн­діру секторындағы компания қызметінің негізгі бөлігі Ресей территориясында жүргізіліп, негізгі ресурстық базасы Батыс Сібір болып табылады. Қазақстанда «Лукойл» Аташ, Түпқараған, Құм­көл, Қарашығанақ, Арман, Солтүстік Бозашы, Қарақұдық, Жамбай, Әлі­­­бекмола, Қожасай мен т.б. кеніштерді игеруде жұмыс атқарады.
Кездесуден кейін Вагит Алекперов: «Қа­зақ­­­стан шетел инвес­ти­ция­сының сенім­ді қор­ғалуы қамтамасыз етілген әлем­нің аз­да­­­ған елі­нің бірі болып табылады. Бұл – Нұр­сұлтан Назарбаевтың жеке еңбе­гінің нәти­жесі. Бүгінде ол 20 жыл бойы Қазақстанға тартылған инвестициялардың кепілі болып табылады. Осы 20 жыл ішінде респуб­ли­ка қалай құрылғанын, қалалар қа­лай са­лынғанын көрдіңіз. Әрине, бұл – Пре­зи­денттің еңбегі, оның инвестиция­ны ынталандыру және республиканың салық салу базасын ұлғайту үшін жүргізген саясатының жемісі», – деп атап өтті.