Саяси сахна

Елбасы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

  • Елбасы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

    Елбасы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы Түркияның Измир провинциясында жер сілкінісі салдарынан тұрғындардың зардап шегіп, қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

«Қайғыларыңызға ортақтасып, марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіре отырып, бауырлас түрік халқының осы ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенімдімін», &ndash делінген жеделхатта.

Естеріңзге сала кетейік, жұма күні Түркияның батысында 6,6 балл қуатымен жер сілкінді. Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі басқарманың (AFAD) ақпаратына сәйкес, жергілікті уақыт сағат 14.51-де тіркелген жер сілкінісінің ошағы Измир провинциясының Сеферхисар ауданында, Эгей теңізінің жағалауында орналасқан.

Қазіргі таңда 800-ге жуық адам жарақат алып, қаза тапқандардың саны 20 адамға жетті.

Skifnews.kz




Көрілген: 396    Пікірлер: 0

сенбі, 31.10.2020, 15:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31