Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елбасы ядролық энергия жөніндегі саммитке қатысуда

20 сәуір 2011, 12:17

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық энергияны қауіпсіз пайдалану жөніндегі саммитке қатысу үшін Киевке барды. Президент деңгейі жоғары жиын барысында бірқатар кездесу өткізеді.
Атап айтар болсақ, саммит аясында Мемлекет басшысы Украина Президенті Виктор Януковичпен, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және Еурокомиссияның прези­денті Жозе Мануэль Баррозумен кездеседі. Киевте өтіп жатқан саммитке әртүрлі мем­ле­кеттер мен халықаралық ұйымдардан 67 делегация қатысуда. Саммитті Украина Пре­зиденті Виктор Янукович жүргізді. Бағ­дарлама бойынша делегациялардың түрлі деңгейдегі басшылары сөз сөйледі. Чер­нобыль жобаларын қаржыландыруға қар­жы жинауға арналған донорлық конфе­рен­ция сол күні Еуропаның қайта құру және даму банкінің қолдауымен өтті. Чер­нобыль АЭС-інде жаңа заманауи қорға­ныс­тың құрылысына халықаралық донор­лар 200 млн еуро жұмсайды. Әзірге жоба­ны 17 донор қолдап отыр, олардың ішінде жеке мемлекеттер де, халықаралық қаржы институттары да бар. ЧАЭС-те болған 1986 жылғы жарылыстың салдарымен байла­ныс­ты проблемалардан басқа, саммитке қа­тысушылар ядролық реакторлардың қауіп­сіздігі, елдердегі АЭС-тердегі оқиға­лар туралы ақпарат таратушы халықаралық желіні жолға қою мәселелерін талқылады. Киевтегі саммит Чернобыль атом электр стансысындағы апаттың – ХХ ғасырдағы ірі техногендік апаттың 25 жылдығына орай­лас­тырылып отыр. Украина СІМ-нің ақпа­ратына сәйкес, саммитке Еуропа мен Азия мемлекеттерінің басшылары мен үкімет басшылары, БҰҰ Бас хатшысы, Атом энер­гиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің басшылығы, Еуропа комиссиясының, ЕҚДБ мен басқа да халықаралық ұйымның өкіл­дері қатысқан.