Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елбасымыз Б.Обаманы елге шақырды

16 қаңтар 2013, 13:01

АҚШ-тағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Омаров АҚШ Президенті Барак Обамаға сенім грамоталарын тапсырды. Бұл жөнінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы елдегі Қазақстанның Төтенше жә­не өкілетті елшісі Қайрат Омаров пен АҚШ Президенті Барак Обама Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріп­тес­тіктің қарқынды дамып келе жатқанын да атап өтті. Кездесуде АҚШ Президенті Б.Обама ҚР Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаевқа жылы лебіздерін біл­діріп, ға­лам­дық және аймақтық қауіп­сіздікті ны­ғайту және екі жақты ынты­мақтастықты дамыту бойынша біріккен жұмысты әрі қарай жалғастыруға дайын екендігін айт­ты. Әңгіме соңында Қ.Ома­ров АҚШ Пре­зи­дентіне алда өтетін ұлық­тау рәсіміне байланысты Елбасы Н.Назар­баевтың құт­тықтауын және Қазақ­станға ресми сапар­мен келуге шақыртуын жет­кізді.