Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елбасының сұхбаты телеарналардан 25 желтоқсанда көрсетіледі

22 желтоқсан 2017, 20:37

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі жетекші БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты аяқталды. Аталмыш сұхбаттың телевизиялық нұсқасы 25 желтоқсанда республикалық телеарналардың эфирінен көрсетілетін болды. Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі твиттерде хабарлады.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін еліміздегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне 2017 жылды қорытындылауға арналған сұхбат берді. Онда Президент Үкімет пен Парламентке неліктен белсенділік танытып, еркін жұмыс жүргізу қажеттігін айтып, Өмірзақ Шөкеевтің Премьер-Министрдің орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалғандығына түсінік берді.

Сонымен қатар Елбасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолында латын қарпіне көшудің маңыздылығына тоқталып, тəуелсіздік жылдарында елімізге 1 миллионнан аса қандасымыз көшіп келгендігін, ұлы көштің əлі де жалғасып жатқанын жеткізді.

Мемлекет басшысы сұхбатында алдағы уақытта Қазақстан-Қырғызстан, Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастарының қай бағытта дамитыны туралы ойымен бөлісті.

Қазақстанның инфрақұрылымдық даму перспективаларына қатысты журналистердің сауалдарына жауап бере келе Президент басты күштің еліміздің транзиттік-логистикалық әлеуетін жетілдіруге жұмсалатынына назар аударды.

www.inform.kz