Саяси сахна

Елдегі саяси және қоғамдық күштер халық бірлігін нығайту жөнінде меморандум қабылдағаны дұрыс - Н. Назарбаев

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Елдегі саяси және қоғамдық күштер халық бірлігін нығайту жөнінде меморандум қабылдағаны дұрыс. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Елдегі саяси және қоғамдық күштер халық бірлігін нығайту жөнінде меморандум қабылдағаны дұрыс. Ол меморандумды дайындауымыз керек. Ассамблея осы бастаманы қолға алса, дұрыс болар еді. Бірлік, келісім, теңдік - біздің негізгі принциптеріміз. Оларды қорғауға барлығымыз күш салуымыз керек. Ассамблеяны жалпыазаматтық және жалпыұлттық институт ретінде дамыта беруіміз керек», - деді ҚР Тұңғыш Президенті

 

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның орталық аппаратының, өңірлік құрылымдардың және этномәдени бірлестіктердің тиімділігін арттыру қажет деп есептейтіндігін баса айтты.

 

«Бұл ең әуелі Ассамблеяға «Қазақстан-2050» стратегиясы алға қойған ауқымды міндеттерді, сонымен қатар, 30 өсіп-өркендеген елдің қатарына қосылу мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біздің жұмыс істейтін бағдарламамыз бар. Қазір бәріміз қиын жағдайда тұрмыз. Дегенмен, мықты мемлекет құрдық, аяғынан тік тұрғыздық. Қазір күшіміз де, қаражатымыз да бар. Бұл тоқыраудан да шығамыз. Енді қазір ары қарай өрлеу, өркендеу мәселесін алға қоюымыз керек», - деді Елбасы.

 




Көрілген: 628    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 16:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Желтоқсан 2020
    Әблязов 15 жылға сотталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31