Саяси сахна

Елімізде президентікке үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт-насихаты басталды

  • Елімізде президентікке үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт-насихаты басталды

    Елімізде президентікке үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт-насихаты басталды

Қазақстанда президенттікке үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт-насихаты басталады. Ол сегізінші маусым, сағат түнгі он екіге дейін жалғасады, деп жазады Stan.kz


Үгіт-насихат үш жолмен: БАҚ, сайлау алдындағы іс-шаралар, үміткерлер мен олардың сенімді тұлғаларының сайлаушылармен кездесуі және басылым өнімдерін, аудиовизуалды үгіт материалдарды шығару және тарату арқылы жүзеге асырылады.


Қоғамның пікірін анықтау мақсатында сауалнаманы тек заңды тұлғылар жасайды. Мекемелер мұны алдын-ала ОАК-ға ескерту керек.


8 маусым — тыныштық күні. Бұл күні атқарылатын кез келген агитациялық қызмет заңсыз деп табылады.


Президент сайлауы елде 9 маусым күні сағат таңғы 07:00-де басталып, кешкі 20:00-де аяқталады. Сайлау бөлімшелері дауыстарды дауыс беру мерзімінен 12 сағат өткеннен кейін ғана санайды. Дауыс санау қорытындылары әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша аумақтық комиссиялардың отырысында нақтыланып, ОАК-ға екі күннің ішінде жеткізіледі.


Естеріңізге сала кетейік, республикалық бюджеттен әр үміткерге 7 млн 331 мың теңгеден бөлінеді. ОСК президенттікке үміткердің республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығындарының мөлшерін белгіледі: бағдарламаны теледидар арқылы баяндау – 5 250 000 теңге; бағдарламаны радио арқылы баяндау - 200 000 теңге; мерзімді баспа немесе желілік басылымдарында жариялау - 810 000 теңге; кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізу - 200 000 теңге; үгіт материалдарын шығару - 400 000 теңге; көліктік шығындар - 471 200 теңге.


Сонымен қатар, әр үміткер сайлау қорын құру үшін, үміткер мен оны ұсынған ұйымның қаржысынан тұратын уақытша есепшот ашады.




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.05.2019, 11:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 11:04
    Путин Зеленский жайлы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31