Саяси сахна

Елімізде тағы бір агенттік құрылатын болды

  • Елімізде тағы бір агенттік құрылатын болды

    Елімізде тағы бір агенттік құрылатын болды

Бұл ұсынысты отырысқа қатысқан жұмыс тобының 30 мүшесінің 27-і қолдады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер реформасы комиссиясының екінші отырысында экономикалық жұмыс тобының жетекшісі Ақылбек Күрішбаев жұмыс тобы отырысының нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Экономикалық мәселелер бойынша жұмыс тобының отырысында 6 мәселе қаралды. Отырысқа жұмыс тобының 33 мүшесінің 30-ы қатысты. Қазіргі уақытта ең өзекті мәселенің бірі – жер ресурстарын бақылау бойынша бірыңғай мемлекеттік жүйені құру. Қазіргі уақытта ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқаратын комитетінде тек орталық аппарат қалған. Ол жерде 38 адам жұмыс істейді. Барлық аймақтық жер инспекциялары 2014 жылы әкімдіктердің құзырына берілген. Яғни, әкім өзі жер береді, жерді өзі бақылайды. Осыған байланысты бірінші қараған мәселеміз - әкімдіктерден (жергілікті атқарушы органдардан) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына мемлекеттік жер кадастрын жүргізу функцияларын бере отырып, жер ресурстарын басқару агенттігін құру», - дейді экономикалық жұмыс тобының басшысы Ақылбек Күрішбаев. 

Оның айтуынша, бұл ұсынысты отырысқа қатысқан жұмыс тобының 30 мүшесінің 27-і қолдады. Қарсы болғандар саны – 3 адам. 

«Қарсы болған тұлғалар бұл принципке қарсы болған жоқ. Олар агенттік құрмай, жер ресурстарын басқару комитеті өз мекемесін құрып, ауыл шаруашылығы минситрлігінің құзырында қала беруді қолдады. Аталған мәселелерді шешудің бірден бір жолы – ол саланы толықтай цифрлық платформаға көшіру. Көпшіліктің басым дауыс беруімен жер ресурстарын басқару агенттігін құру туралы ұсыныс қабылданды», - дейді ол.
Тағы да оқыңыздар:




Көрілген: 561    Пікірлер: 0

сенбі, 03.04.2021, 16:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31