Саяси сахна

Елорда келер жылы түтіннен арылады – Нұрсұлтан Назарбаев

  • Елорда келер жылы түтіннен арылады – Нұрсұлтан Назарбаев

    Елорда келер жылы түтіннен арылады – Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Qazaqstan" арнасына берген сұхбатында елорданы газдандыру ісі туралы айтты.

"Бүгінге дейін оңтүстіктен мың шақырымнан астам газ құбыры тартылды. Газ астанаға ғана емес, Қарағандыға, Жезқазғанға, Петропавлға, Көкшетауға дейін баратын болады. Қазір елордалықтарды газбен қамту үлесі 30 пайыз болса, келер жылы толық газбен қамтылады. Содан кейінгі негізгі мақсат – электр жүйесінде тұрған жылу және электр орталықтарын газға ауыстыру. Себебі кейінгі кездері қаланы түтін басып кететін болды. Мұны жою үшін қазандықтардың бәрін газ құбырына ауыстырамыз", - деді Елбасы.

 
Нұрсұлтан Назарбаев бұл жұмыстар келесі жылға дейін атқарылатынын айтты.

Елбасы сонымен бірге қала құрылысына қатысты пікір білдірді. 

"Көзім түскен жерді жөндеңдер деп айтып отырамын. Қала әкімімен жиі кездесемін. Дегенмен, кейде дұрыс жасалмай жатқан кезде қынжыламын. Бұл қалада сәулетті ғимараттар көп болуы керек, әр әкім өзінің ізін қалдыруы тиіс. Ойдан шықпайтын мәселе, қазіргі бір қабатты үйлерден тұратын қалашық бұрын қаланың сыртында болатын, бүгінде ортасына кірігіп кетті. Барлық жерде мұнаралы нысандар болуы тиіс емес, әрине, бірақ қаланың ортасында елордаға лайықты ғимараттар болуы керек", - дейді Тұңғыш Президент. 

Айтуынша, биыл қалада 3 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. 

Айта кетейік, Елорда күніне орай Ұлттық арнадан Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатына негізделген "Nur-Sultan. Қолтаңба" деректі фильмі эфирге шықты. Жобада Елбасы астананың құрылу тарихына, шаһардың болашағына қатысты сұрақтарға жауап берді.




Көрілген: 719    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.07.2021, 09:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30